Павлодарда ер адам базарда өзін-өзі өртеп жібере жаздады
Павлодарда фермерлік базарда ер адам өзін-өзі өртеп жібереді жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
31 тамызда Павлодар қаласындағы «Жайлау» базарында жалға алушы ер адам өзін-өзі өртеуге тырысқаны анықталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл әрекеттің себебі жалдау ақысына байланысты мәселелер болды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері әкімшілікпен бірлесіп дереу қауіпсіздік шараларын қабылдап, жедел жәрдем бригадасын шақырды.
Ер адаммен құқық қорғау органдарының қызметкерлері әңгімелесті. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінде.
Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы