Павлодарда дені сау азамат жылдар бойы психоневрологиялық орталықта жатқан

Павлодарлық прокурорлар әрекетке қаблетті азаматтың психоневрологиялық орталықта жату дерегін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Қадағалау органы өкілдері араласқан соң азаматтың конституциялық құқықтары қорғалып, қалыпқа келтірілді. Алайда оның «әрекетке қабілетсіз» диагнозынан қай уақытта айыққаны белгісіз болып отыр.

Павлодар ауданының прокуроры Ермек Ахметовтің айтуынша, азамат денсаулығының оң динамикасын атап өтті. Ал орталық қызметкерлері бұны назардан тыс қалдырған. Осылайша, ол 16 жыл бойы медициналық мекеме дәрігерлерінің қарауында болған.

Осыған байланысты аудандық прокуратура өкілдері сотқа арызданып, сот-психиатриялық сараптама жүргізуді талап етті. Нәтижесінде азамат әрекетке қабілетті деп танылды. Қазіргі уақытта сот шешімі заңды күшіне енді. Осындай жағдайға жол берген орталықтың бірқатар қызметкеріне қатысты шара қолданылды. Атап айтқанда, орталық директорының орынбасары мен бірнеше маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заң бойынша орталықта емделіп жатқан азаматты әрекетке қабілетті деп тану сот арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін оның қамқоршысы соттың немесе прокуратураның көмегіне жүгінуі керек, - дейді Ермек Ахметов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта психоневрологиялық орталықта 540 науқас ем қабылдап жатыр. Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, осы тектес тексерулар өзге де пациенттерге қатысты жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов архив
Өзгелердің жаңалығы