Павлодарда бүйрегін сатпақ болған адам ұсталды

Павлодарда адам ағзасын сату әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз әрекеттерді тоқтатты.

Шілде айының ортасында жедел қызметкерлерге көрші мемлекеттің азаматының бүйрегін сату туралы жедел ақпарат түскен. 

Осы мақсатта шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарды талқылап, сатуға келісім берді.

Біз жедел комбинацияны әзірледік. Ал "сатушы" ҰҚКБ қызметкері ақша қаражатының бір бөлігін, яғни бастапқы бөлігін алған кезде ұсталды. Адам ағзалары мен тіндерін заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

ПД бастығы Қазақстанда заңсыз трансплантациялауға, сондай-ақ адам ағзаларының, мүшелерінің, тіндерінің және тіндерінің бөліктерін сатып алу-сатуға тыйым салынған және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда нәресте сатпақ болғандар ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы