Павлодарда бұралқы иттер бір үйдің 80-нен астам қойын қырып кеткен
Павлодар облысы Павлодар ауданының Кемеңгер ауылында бұралқы иттер 80-нен астам қойды қырып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ветеринарлар бұл жағдайды тексеру үшін оқиға орнына барған.
29 шілдеде түнде Кемеңгер ауылында 83 қой қырылды. Жабайы иттер 15 қойды кеміріп тастады, ал қалған малдар қорыққаннан тапталып мертікті, - деді Павлодар олыстық ветеринариялық станциясы басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов.
Оның айтуынша, ветеринариялық станцияның қызметкерлері 2 итті ұстаған. Олар 10 күн бақылауда болады.
Қырылған малдан зерттеуге материалдар алынды. Иттердің құтыру белгілері расталса, утилизация мәселесі қарастырылады, - дейді Ержан Ахметов.
Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті облыстық ветеринарлық инспекциямен бірге тексеріс жұмыстарын бастады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы