24 Маусым 2024 2024, 21:08
Фото: pixabay.com
Павлодарда бөдененің жұмыртқасындай бұршақ жауды
Павлодар облысының Успенка мен Шарбақты аудандарында бұршақ жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Павлодар облысының Успенка мен Шарбақты аудандарында бұршақ жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Куәгерлердің айтуынша, бұршақтың көлемі бөдене жұмыртқасының үлкендігіндей.
Qazaqstan теле арнасының телеграмында 1 сағат бұрын түсірілген бейнекөрініс жарияланды.
Дәл қазір өңірдегі ауа температурасы +28 градус ыстық.
Дихандар «бидай тұқымдастарына аса қауіпті емес, бірақ күнбағыс сабақтарын жапырып жіберуі мүмкін», - дейді.