Павлодарда бір жылда жайылым тапшылығы екі есе азайған
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг барысында облыс әкімі Асайын Байханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, егіс алқабы 1,6 млн гектарға дейін ұлғайып, өткен маусымға қарағанда 50 мың гектарға артық болған.
Суармалы жер көлемі биыл 9 мың гектарға ұлғаяды. Ол үшін айналымға 137 мың гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары қайтарылды. Өткен жылмен салыстырғанда біз ауылдардағы жайылым тапшылығын 2 есеге қысқарттық, - деді Асайын Байханов.
Сондай-ақ облыста «Ауыл Аманаты» жобасы аясында ауылдық жерлерде жеңілдікпен кредит беру басталған.
Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша 300-ден астам жоба қаралды. Жобаның 161 қатысушысы несие алып, өз бизнесін бастады. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 35 мың тұрғыны бар 26 кенттің инфрақұрылымын жаңартуға кірісті. Мұнда ауылдарда 89 шақырым жол асфальтталады, көшелер жарықтандырылады және 22 әлеуметтік нысан салынып, жөнделетін болады деді, - деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Бұған дейін әкім Екібастұздағы жағдай қайталанбай ма деген сауалға жауап берген еді.