Павлодарда бір отбасы екі баласымен ыстан уланып көз жұмды
Астана, BAQ.KZ. Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында тілсіз жау бүтін бір отбасының өмірін қиып кетті.
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады pavlodarnews.kz.
Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам - ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапқан.
Алдын ала болжам бойынша, өткен түні пештен ақау шыққан. Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң сағат 21.00-де туыстарының бірі іздеп келген уақытта, есік ішінен жабық тұрған. Ер адам есікті бұзып кірген кезде отбасы мүшелерінің барлығын жансыз жатқан күйінде тапқан.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов қайтыс болған отбасының туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еліміздің бірқатар өңірінде сабақ тоқтатылды
Өзгелердің жаңалығы