Павлодарда бір мектеп карантинге жабылды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығындағы бір орта мектеп карантинге жабылды. Білім беру ордасының төрт оқушысы мен бір мұғалімінде коронавирустық инфекция анықталды. 

Карантин режимі енгізілген соң мектептің іші толық залалсыздандырылды. Ал кезекші сыныпта оқитын балалар білім алуларын қашықтықтан жалғастырмақ. Бүгінгі күнге дейін оқушылардан сынама алынды. Нәтижесі алдағы күндері белгілі болмақ. 

Айта кетейік, мектеп облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен жабылды. Құжатқа сәйкес мектеп басшылығы дезинфекциялық режимді күшейту қажет. 

Павлодар қалалық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарының айтуынша, карантин режимі мектепте үштен артық дерек тіркелген жағдайда енгізіледі. 

Павлодар қаласы бойынша бір ошақ бар. Оқу үрдісі қарашаға дейін тоқтатылды. Балалар белгілері жоқ коронавирустық инфекцияға шалдыққан. Екі оқушы бір сыныпта, тағы біреуі басқа сыныпта оқиды. Қазіргі уақытта балалар амбулаториялық ем қабылдауда, - дейді мамандар. 

Жалпы, Павлодар облысында коронавирустық инфекцияның жұқтыру деректері төрт білім беру нысанында тіркелген. Облыс орталығындағы екі балабақша мен екі мектепте анықталды. Қазіргі уақытта кезекші сыныптар мен топтар жабық. Ал байланыста болған мұғалімдер мен балалар карантинге жабылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы