Павлодарда бір күнде полицияға 173 адам жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда бір күнде полицияға 173 адам жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Тек бір тәулік ішінде Павлодар қаласында полицияға 173 адам жеткізілді. Оның ішінде-заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден кейін көшеде болған 6 кәмелетке толмаған бала. Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына алкоголь ішкен немесе қоғамдық орындарда мас болған 58 адам жеткізілді. Балалар алаңдарында, аулаларда, саябақтарда алкоголь ішу фактілері туралы қала тұрғындары да хабарлайды. Сонымен қатар, қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласындағы түрлі құқық бұзушылықтар үшін 117 адам жауапкершілікке тартылды. 

Құқық бұзушыларды ұстау кезінде олардың ұялы телефондары да тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша 62 жоғалған немесе ұрланған ұялы телефон анықталды, олар заңды иелеріне қайтарылды. Айта кету керек, жыл басынан бері патрульдік полиция инспекторлары 19 000-ға жуық құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде: ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 304 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР ӘҚБК 434-бабы), қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 927 адам (ҚР ӘҚБК 440-бабы), сондай-ақ автокөлікті мас күйінде басқарған 304 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 388 қылмыс ашылды, – деп хабарлады Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Алтынбек Медьяров.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы