8 Сәуір 2023 2023, 02:36
Фото: pavlodarnews.kz
Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанды
Өрт сөндірушілер жарты сағатта тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер жарты сағатта тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуірдің 6-сы күні сағат 19:30 шамасында өрт сөндіру қызметкерлеріне Усолка шағын ауданында Парковая, 35 көшесінде өрт орын алғаны жайлы хабар түскен.
Өрт сөндіру қызметі мен құтқарушылар оқиға орнына сағат 20:03-те жетіп, 32 минутта тілсіз жауды толық сөндірді. Салдарынан 1 гектар құрғақ шөп пен қамыс өртенген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт шығу себептері анықталуда, - деп жазылған хабарламада.