Павлодарда бір бөлке нан 75 теңгеден сатылуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы Тұрақтандыру қоры 50 мың тоннадан астам азық-түлікпен толықты. Бұл туралы "Павлодар" ӘКК" Тұрақтандыру қоры хабарлады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында "Павлодар" ӘКК" Тұрақтандыру қорына бірқатар азық-түлік түрлері сатып алынды. Атап айтқанда, 1-сортты бидай ұны – 1 000 т, С 1 деңгейлі тауық жұмыртқа – 1 000 000 дана, күнбағыс майы – 21 069 л, 1-сортты (тазартылған) ұннан жасалған формалы нан – 50 000 бөлке; қант – 250 т, пияз – 69,9 т,  картоп – 300 т, сәбіз – 100 т. 

Бүгінде Тұрақтандыру қорында күріштің бір келісі 238 теңгеден және 1-сортты ұннан жасалған формалы нанның бір бөлкесі 75 теңгеден саудалануда. Сауда нүктелеріне жеткізу тегін.

Қосымша ақпаратты Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 мекенжайынан немесе 65-28-70, 65-06-53, + 7 705 321 63 09 телефондары арқылы білуге болады.





Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы