Павлодарда бір аптада дәрі-дәрмекті алып-сатудың 20 фактісі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, барлық құқық бұзушылықтар 6-11 шілде аралығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталған.
Барлық факті бойынша материалдар жиналып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Аталған фактілерге қатысты құқықтық баға еліміздің заңнамасына сәйкес берілетін болады, - дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Алынған дәрілік препараттар пациенттерді емдеуде одан әрі пайдалану мақсатында тиісті органдарға беріледі.
Тәртіп сақшылары азаматтар дәрі-дәрмектердің бағасын көтерудің негізсіз фактілерін анықтаған жағдайда "102" телефоны бойынша полицияға хабарласу керектігін еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жедел жәрдем қызметіне студент-дәрігерлер тартылады – ШҚО
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы