Павлодарда белгілі кәсіпкер жоғалып кетті

Павлодарда 52 жастағы кәсіпкер Асылан Хамитұлы Нұрмағамбетов жоғалып кетті. Оның туыстары полицияға арыз берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полицияның мәліметінше, Нұрмағамбетов 21 ақпанда шамамен сағат 14:40-та үйінен жұмысқа шығу үшін ақ түсті Toyota Camry-50 (мемлекеттік нөмірі 039 OFA 14) көлігімен кеткен. Алайда содан бері қайтып оралмаған.

Белгілі болғандай, ол Павлодардағы жергілікті фирмалардың бірін басқарады.

Ер адамды қалай тануға болады?

  • Жасы – 52-де
  • Бойы – 170-175 см
  • Орта дене бітімді
  • Көзілдірік тағады
  • Өзімен бірге ұялы телефоны болған

Киген киіміндегі ерекшеліктер:

  • Қою көк түсті пуховик
  • Сұр баскиім
  • Қара джинсы
  • Қоңыр түсті жартылай спорттық аяқкиім

Полиция Нұрмағамбетовтің орналасқан жері туралы кез келген ақпараты бар адамдардан 102, 8 (7182) 37 76 10, 37 76 11 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды. Анонимдікке кепілдік беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы