Павлодарда "Баянтау" спорт сарайында 200-ге жуық төсек дайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда "Баянтау" спорт сарайында 200-ге жуық төсек дайындалды. Спорт сарайында қажет болған жағдайда аурудың жеңіл түрі бар пациенттер орналастырылмақ.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн форматта өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов мәлім етті.

Баянтауда ертеңгі күнге дейін екі жүзге жуық төсек дайындалады. Бұл төсек орындарды пайдалану жағдайға байланысты болады. Бірақ бұл жерде аурудың жеңіл түрі бар науқастар үшін белгілі бір процедураларды жүргізуге және алғашқы көмекті ғана болады. Кейін науқастың жағдайына байланысты кәсіби ауруханаларға жеткізіледі, - дейді Сұңғат Есімханов.

Аталмыш екі жүз төсек орын спорт сарайының үлкен залында ашылады.

Провизорлық стационарлар барлық қалалар мен аудан орталықтарында ашылады. Ақсу қаласында "Еуразия" медициналық орталығы дайындалуда. Спорттық ғимарат базасында үлкен госпиталь ашу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізудеміз, - деп мәлімдеді облыс әкімінің бірінші орынбасары.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы