Бүгiн 2026, 16:26 Фото: pavon.kz

Павлодарда банктен 1 млрд теңге тонаған Ресейдің төрт азаматы ұсталды

Әңгіме 2024 жылғы 11 қарашаға қараған түні Павлодар қаласындағы Halyk Bank бөлімшесіне жасалған шабуыл туралы болып отыр.

Иваново қаласында сот Қазақстандағы банкті тонау ісі бойынша Ресейдің үш азаматын қамауға алып, тағы біреуін үйқамаққа жіберді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Әңгіме 2024 жылғы 11 қарашаға қараған түні Павлодар қаласындағы Halyk Bank бөлімшесіне жасалған шабуыл туралы болып отыр. Күдіктілер ғимараттың қабырғасын бұзып кіріп, ақша мен зергерлік бұйымдарды қолды еткен. Келтірілген шығын 1 млрд теңгеден асып, Қазақстанның 23 азаматына зиян келген.

Қамауға алынғандардың бірі – Иваново облысының күзетшісі. Оның адвокаты айыпталушының кінәсін мойындамайтынын және Павлодардағы танысымен бірге «көліктерді Ресейге қайта сату үшін айдап әкету мақсатында қарап жүргенін» айтқанын жеткізді.

Менің қорғауымдағы азамат, оның танысы және тағы екі РФ азаматы тек сол күні Павлодарда болғаны үшін айыпталып отыр, бұдан өзге дәлел жоқ, - деді ол.

Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдары бірлескен тергеуді жалғастырып жатыр.