Павлодарда балаларға арналған аутизм орталығы ашылды
Павлодарда аутизм спектрі бұзылған және басқа да ауытқулары бар балаларған арналған «Қамқорлық» орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Орталықтың ашылу рәсіміне Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаментінің директоры Жанагүл Ділжанова, «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева және «Samruk-Kazyna Trust» пен «Қамқорлық Қоры» қорларының өкілдері қатысты.
Бұл орталықта 125 бала оңалту шарасын қабылдай алады. Мекемедегі заманауи жабдықтар аутизм спектрі бұзылған балаларға сапалы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік береді, – деді Жанагүл Ділжанова.
Биыл Ақтөбе, Жетісу, Жамбыл, ШҚО, Қостанай, Павлодар облыстарында және Алматы, Шымкент қалаларында 8 күндізгі қызмет көрсету орталығы ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жанар-жағармай тұтыну көлемі 15% өскен
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы