Павлодарда бағбандарға арналған қосымша павильондар ашылады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде саяжай өнімдерін саудалауға қатысты жыл сайын маусымдық мәселе туындайды. Ол - бағбандарға арналған сауда орындарының жетіспеушілігі.

Павлодар қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Нұржан Әбішевтің айтуынша, бүгінде облыс орталығындағы шағын аудандардың 70%-да арнайы павиьондар орнатылған. Алдағы уақытта барлық мөлтек аудандар бағбандарға арналған орынмен қамтылады.

Бағбандардың айтуынша, орын жетіспеушілігі - жыл сайын қайталанатын проблема. Жабдықталған орындарға алып-сатарлар жайғасып алатынын айтады олар. Шенеуніктер болса, мәселенің барын жасырмайды. Оны шешу үшін түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

Ереже бойынша жабдықталған павильондар тек саяжайда өсірілетін көкөніс пен жеміс-жидектерге арналған. Алайда, өзге саудагерлер тұрып алады. біз түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Рейдтік шараларды да қолға алдық, - дейді Нұржан Әбішев.

Бүгінде бағбаншылық өнімдер саудасы қызыған. Зейнеткерлер өз бақшасында өсірген құлпынай, пияз, аскөк, қияр сияқты өнімдерін саудалап жатыр. Олар үшін орындар тегін ұсынылады. Ал заңсыз пайда болған сауда нүктелері жойылуы тиіс.

Айта кетейік, бүгінде Павлодар шаһарында 50-ге жуық орын қарастырылған. Алайда, бағбандарды ңөтінішімен олардың саны артады.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы