Павлодарда "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 12-19 наурыз аралығында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ льготтық тұрғын үй займын алу үшін құжаттар жинау жүргізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бағдарламаға көпбалалы, кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес және мүгедек балалары бар немесе мүгедек баланы тәрбиелеп жатқан отбасылар қатыса алады. Қалалық қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ақерке Еламанова айтқандай, биыл "Бақытты отбасы" екі кезең бойынша өткізіледі.Бірінші кезеңді жүзеге асыру аясында Павлодар облысына 248 лимит бөлінді. Оның 125 лимиті қала тұрғындарына, ал қалғандары ауылдықтарға беріледі. Әрбір лимит орташа есеппен 10 млн теңгеге тең. Қатысушыларға "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысуға құқық беретін кепілдеме хат беріледі. Ол хатта қатысушы баспана алу үшін қандай сомаға ие бола алатыны көрсетіледі, – дейді Ақерке Еламанова.
Ақерке Еламанованың айтуынша, 22 наурыз күні "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне" жолдамалар беріледі. Онда қатысушылар несиені өтей алатындығын куәландырып, несие тарихын көрсетеді. Кейін үш ай ішінде тұрғындар өзіне қажетті баспана тауып алуы тиіс.
Бағдарлама ережелері бұрынғыдай – жылына 2% несие, бастапқы жарна соманың 10%, несиелендіру мерзімі 20 жыл. Мұнда тек күнкөрістің ең төменгі деңгейі өзгеріске ұшыраған. Биыл ол 62 366 теңгеге тең.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абайдың 175 жылдығына орай анимациялық фильмдер түсіріледі
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы