Павлодарда азық-түлік үстемесін асырып жіберген кәсіпкерлер анықталды

Павлодар облысында жыл басынан бері ірі, орта және шағын кәсіпкерлік нысандарында жоспардан тыс 136 тексеру жүргізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Тексеру барысында анықталған заңбұзушылықтардың басым бөлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың үстемесін асырып жіберуге қатысты болып шықты.

Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Дәулен Қабдушевтың айтуынша, осы тектес 83 бұзушылық анықталды.

Үстемені асырған кәсіпкерлерге қатысты 66 қаулы шығарылып, ескерту жасалды. Ал алты дүкен иесіне 300 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, тауарларды сату барысында сауда базарларының жұмыс регламентінде көзделген талаптарды сақтамағаны үшін ескерту түрінде бір қаулы шығарылып, сауда объектісінің құны жапсырмамен ресімделген бағадан асатын тауарларды бағасын көрсетпегені үшін төрт айыппұл салынды. Департаментке тауар немесе азық-түлікте бағаның көрсетілмеуі бойынша шағымбар түсіп жатыр. Орамада көрсетілген баға нақты құнмен сәйкес келмей жатады. Өз құқықтарын білетін азамат фото, видео материалдар әзірлеп, жауапты мекемеге жолдады. Ал біз тиісті шара қолдандық, - дейді Дәулен Қабдушев.

Өткен жылмен салыстырғанда саладағы құқбұзушылықтар күрт көбейген. Биыл тұтынушылар құқықтарын қорғау, үстемені сақтау бойынша олқылықтарға жол берген 115 cубъект жауапкершілікке тартылған. Былтырғы көрсеткіш – 38 кәсіпкер.

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша ебкітілген үстемені сақтамаған саудагерлерге алдымен ескерту жасалады. Кейін әкімшілік жаза қолданылады. Жағдай қайталана берсе, оларда 300 АЕК-ке дейін айыппұл сала аламыз, - дейді мамандар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы