Павлодарда ажырасу дерегі көбейіп барады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар өңірінде ажырасу деректері көбейіп барады. Жыл басынан бері 300-ге жуық неке бұзылса, өткен жылы олардың саны 1200-ге жуықтаған. Сәйкесінше, алимент төлеушілер саны күрт артты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бүгінгі күні облыста алименттерді өндіру бойынша 14 мыңнан астам акті жатыр. Олардың төрт мыңы тұрақты орындалады. Десе де балаларының алдындағы заңды міндеттерін орындамай жүргендер жетерлік. Арасында жұмыссыз азаматтар көп.
Салалық мекеме өкілдері мен сот орындаушылары безбүйрек ата-аналармен күрес жұмыстарының жаңа форматына көшуде. Мәселен жұмыссыз әкелерге арнайы бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыруды бастады. Осы тектес шаралар айы сайын жүргізіледі. Сонымен қатар дін өкілдерінің көмегіне жүгінбек. Сала өкілдері имамдар мен әулие әкейлер қызмет барысында халыққа моральдық-психологиялық тұрғыдан әсер етіп, ақыл кеңес береді деген сенімде. Бұл іске теоологтар да атсалыспақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Саранда үш жаңа зауыт іске қосылады
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы