Павлодарда айыппұлы төленбеген 8 көлік қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды қамтамасыз ету мақсатында 18 тамыздан бастап «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, рейд барысында полицейлер айыппұлды төлемеген борышкерлерден 7 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алды.

Тұрғылықты жері бойынша айыппұлды төлемеген 943 борышкер тексерілді. Арнайы айып тұрағына борышкерлердің 8 автокөлігі қойылды. Борышкерлерге қатысты 313 әкімшілік материал қозғалды. Рейдтік іс-шаралар тек жолдарда ғана емес, қасақана төлемеушілердің тұрғылықты жері бойынша да жүргізіледі, - деді дерпартаментте.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, айыппұлдан жалтару оңай. Ол үшін ЖҚЕ мен қоғамдық тәртіпті бұзбау жеткілікті. Ал егер құқық бұзушылыққа жол берілсе, айыппұлды уақытында төлеу керек. Азаматтарда әрдайым айыппұл сомасын азайту мүмкіндігі бар. Яғни, 7 күн ішінде айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге болады. Бұл ретте түбіртекті дереу полиция бөліміне ұсыну қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы