Павлодарда әйелін ұрып өлтірген ер адам қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Баянауыл ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде отбасылық жанжал кезінде күйеуі әйелі есінен танып қалғанша ұрып, оған көптеген дене жарақатын салған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 17 тамыз күні орын алған.Аяусыз соққының салдарынан әйел жедел жәрдем қызметі келгенге дейін қайтыс болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 106 - бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Тәртіп сақшылары қазіргі таңда күдіктінің ұсталғанын, оның Баянауыл ауданындағы уақытша ұстау изоляторында қамауға алынғанын атап өтті.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері аймақта жәбірленушілердің өліміне әкеп соққан дене жарақатын салудың 13 фактісі тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алимент төлемегендерге талап күшейеді
Өзгелердің жаңалығы