Павлодарда автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Полицияға павлодар тұрғыны Toyota Harrier автокөлігінің салонына заңсыз кіру жолымен ақша ұрлығын жасағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қабылданған шаралар барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатысы тексеріледі, – дейді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Автокөлік ұрыларының құрбаны болмас үшін бірнеше кеңесті орындау қажет: автокөліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автокөлікті дабылмен жабдықтаңыз, мүмкіндігінше көлікті күзетілетін автотұрақтарда қойыңыз, көлікте құнды заттарды қалдырмаңыз. Қарапайым қауіпсіздік ережелері сіздің көлігіңізді ұрлаудан, автокөлік салонынан ұрлаудан және автокөлік бөлшектерін – фараларды, айналар мен автокөлік аксессуарларын ұрлаудан сақтауға көмектеседі.
Егер сіз шабуылдаушылардың құрбаны болсаңыз, дереу “102” нөміріне хабарлаңыз. Жедел-тергеу тобының келуін күтіңіз және қылмыстың іздерін жоймау үшін, көлікте ештеңеге қол тигізбеңіз.