Павлодарда автокөлік өртеніп, ер адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ашық аумақтағы аулада сағат 17:56-да Hyundai accent автокөлігі толығымен жанып кетті. Тілсіз аудан зардап шеккен ер адам жедел жәрдеммен №1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесіне жатқызылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Генерал Дүйсенов көшесі, 56 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. 6 шаршы метр алаңда өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін багаж бөлімшесінен сыйымдылығы 15 литр 1 газ баллоны эвакуацияланды. 1978 жылы туған ер адам жедел жәрдеммен №1 қалалық аурухананың күйік бөлімшесіне жатқызылды, - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
Ер адамның бет, бел аймағын және сол қолын бірінші және екінші дәрежелі күйік шалған.
ТЖД мамандарының хабарлауынша, тілсіз жау 18 сағат 09 минутта сөндірілген. Оқиға орнында жеке құрамнан 8 адам және 2 техника жұмыс істеген.
Өрттің шығуына газ-ауа қоспасының жарылысы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандылық шебер ерекше қуыршақ жасады
Өзгелердің жаңалығы