Павлодарда автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда автобус жүргізушісі мас күйінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Таңертең Павлодар облысы Успен ауданының полицейлері көшелерді патрульдеу және ЖҚЕ қамтамасыз ету кезінде жергілікті ұйымдардың бірінде автобустың күдікті қозғалысын байқаған. Тексеру үшін тәртіп сақшылары көлік құралын тоқтатты. 

Белгілі болғандай, бекер тоқтатпаған. Жұмыс күнін жаңа бастап, ұйым қызметкерлерін көрші ауылға тасымалдаған жүргізуші мас күйде болған. Полиция қызметкерлері оны медициналық куәландыруға жіберді, онда алкоголь ішу фактісі расталды. Жүргізуші ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК 619-1-бабының 1-бөліміне сәйкес жүргізушінің мас күйінде көлік құралын басқаруына рұқсат бергені үшін жүргізушінің жұмыс берушісі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов. 

Полиция жүргізушілерге мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Айта кету керек, биыл Павлодар облысының жолдарында мас күйінде көлік басқарған 310 жүргізуші анықталды, олардың барлығы жауапкершілікке тартылды.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы