Павлодарда автобус жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген

Күн сайын полиция қызметкерлері көлікті мас күйде жүргізудің алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың өзінде Павлодар облысында мас күйде көлік тізгіндеген 787 жүргізуші жазаланды, соның 324-і облыс орталығында ұсталды. 

Мысалы, сағат 09:15 шамасында облыс орталығында Қамзин көшесі, 35 маршрут бойынша келе жатқан автобус жүргізушісі тоқтатылды. Әңгімелесу кезінде полиция қызметкері оның тәртібінің оғаштығын байқады. Сараптама нәтижелері полицияның күдігін растады, автобус жүргізушісі есірткіге мас күйінде болды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал толтырылып, қарау үшін сотқа жіберілді. Автобус желіден алынды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков. 

Полиция департаменті жүргізушілерге мас күйінде көлік жүргізу қаупін еске салады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы