Павлодарда қауіпсіздік белдігін тақпаған 319 жүргізуші тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда соңғы айда қауіпсіздік белдігін тақпаған 319 жүргізуші тоқтатылды. Белдікті тақпай көлік басқарған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Олардың әрқайсысына ҚР ӘҚБтК 593-бабы 2-бөлімі, яғни "Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану талаптарын сақтамау" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деді басқарма мамандары.
Қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Айта кетейік, әкімшілік айыппұл тіркелген кезінен бастап 7 тәулік ішінде жалпы соманың 50% мөлшерін ғана төлеуге мүмкіндік бар.

Жеңіл көліктердің жүргізушілері мен жолаушылары жол-көлік оқиғасы болған кезде белдіктерін тақпағандықтан жарақат алатынын ескерген жөн. Ал қауіпсіздік белдігі – автомобильдегі жүргізушілері мен оның жолаушылары үшін қажетті қорғаныс құралы, - деді полиция басқармасында.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы