Павлодарда мұз үстінде жаттығу өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі жасағы құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері суда адамдарды құтқару іс-әрекеттерін пысықтау бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Оқу-жаттығу мұз әлі дұрыс қатпаған Усолка өзеніндегі учаскеде шынайы оқиғаға барынша жақын жағдайда өтті, - дейді Павлодар облысы ТЖ департаменті ӨСжАҚЖҚ жедел-құтқару жасағы №1 құтқару бөлімшісінің басшысы И. Күлешов.
Оқу-жаттығудың жоспары бойынша ер адам Ертіс өзеніне мұздың қалыңдығына көз жеткізбестен шыққан. Одан әрі серуендеп бара жатқан кезде мұздың астына түсіп кетіп, көмекке шақыра бастаған. Зардап шеккен адамды № 7 құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері байқап, оқиға орнына жедел түрде шығады. Қозғалыс барысында құтқарушылар рациямен оқыс оқиға туралы жасақ бойынша кезекшіге хабарлады. Ол өз кезегінде апаттар медицина орталығының қызметкерлерін шақырады.
Құтқарушылар құтқару тақтасының көмегімен ер адамды судан алып шығып, апаттар медицина орталығы қызметкерлеріне тапсырды. Медицина қызметкерлері реанимациялық әрекеттер жүргізіп, зардап шеккенді жақын жердегі ауруханаға жеткізеді.
Оқу-жаттығуларға жедел-құтқару жасағының 5 қызметкері және АМО 5 қызметкері қатысты. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Ертіс өзенінің деңгейі ауа райына байланысты бірқалыпты тұрмайды. Сондықтан жедел-құтқару жасағы жазатайым оқиғаны болдырмау үшін мұз астынан балық аулау әуесқойлардан мұз толығымен бекігенге дейін мұзға шықпауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы