Павлодарда әскери қызметші көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет атқарған 32 жастағы әскери қызметші Айбек Тұрсымбаев қайтыс болды. Бұл ақпаратты Республикалық Ұлттық ұланның баспасөз қызметі растады.
12 маусым күні сағат 19.15 шамасында Павлодардағы № 5512 әскери бөлімінде келісімшартпен қызмет еткен әскери қызметші қайтыс болды. Ол көліктің доңғалағын үрлеп жатқанда басына алған ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр, – деді Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы осы аптада қайда барады
Келесі жаңалық
Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді
Өзгелердің жаңалығы