Павлодарда антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді
Оқу-жаттығу терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар облысы терроризмге қарсы штабының мәліметінше, бүгін, 25 наурыз күні «ADK» (Лермонтова көшесі, 84/8 үй) бизнес-орталығы және «Нептун» спорттық кешені (Қайырбаева көшесі, 85 үй) аумағында терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығу өтеді.
Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру, – деп жазылған хабарламада.
Азаматтарды сабыр сақтауға шақырып, оқу-жаттығуларға қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне түсіністікпен қарауларын сұрайды.
Біле тұра жалған ақпарат таратудың ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.