4 Қазан 2026, 11:46 Фото: istockphoto.com

Павлодарда әлеуметтік желіде былапыт сөз қолданған әйел жауапқа тартылды

Полиция әйелдің жеке басын жедел анықтады.

Павлодарда полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында өз парақшасында былапыт сөздер қолданған әйелдің аккаунтын анықтады.

Оның Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны Шынар Акаева екені белгілі болды.

Құқық бұзушы әлеуметтік желіде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Полиция құқыққа қайшы контент, оның ішінде әлеуметтік желілерде және тікелей эфирлер кезінде жарияланған материалдар да назардан тыс қалмайтынын еске салды.