Павлодарда әлеуметтік үйлер жылусыз қала жаздады

Ертіс өңірінде әлеуметтік көпқабатты үйлер жылусыз қала жаздады. Тұрғын үйді қолданысқа беру кезінде тиісті құжаттар шенеуніктерге берілмеген, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ тілшісі.

Салдарынан жылумен қамтушы ұйым тығырыққа тіреліп қалды. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта тиісті құжаттар реттеліп жатыр. Бұған дейін жаңадан қолданысқа берілген үй тұрғындары тарапынан шағымдар түскен.

Энергия таратушы ұйымның бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесиннің айтуынша, мәселе қала әкімдігі деңгейінде көтеріліп, жауапты мекеме өкілдерімен кездесулер өткізілген.

«Жаңа үйлер жылусыз қалмайды. Тек құжаттарды реттеу керек. Бұл туралы уағдаластық. Сонымен қатар, кварталішілік желілерді жобалау қажет. Павлодар қалалық құрылыс бөлімі, жылу желілері кәсіпорны және жергілікті әкімдікпен бірлесіп жұмыс жасаймыз.  Атқарушы құжаттардың ішінде қызмет көрсетуші ұйым беруі керек. сонда жылу желілері балансқа алынады. Жылу мәселесі туындауы мүмкін нысандардың қатарында «Сарыарқа» және «Достық» шағын ауданының көпқабатты үйлері бар», - дейді энергия таратушы ұйым бас директорының міндетін атқарушы Вадим Лесин. 

Нысандар соңғы екі жыл ішінде салынған. Нақтырақ айтқанда, «Достық» шағын ауданының 17 және «Сарыарқа» ауданының бірнеше үйінің құжаттары реттеліп жатыр. 

Еске сала кетсек, облысты жылу маусымы үстіміздегі жылдың 16 қыркүйекте басталды. Қалалар мен аудандарда жылу энергиясы штатты режимде біріліп жатыр. Қазіргі уақытта жылу таратушы кәсіпорындарда 14 энергоблок, 20 қазандық және 13 турбина жұмыс істеп тұр. Резервте тоғыз қазандық пен бір турбина бар. Бүгінгі күні облыс бойынша 2312 көпқабатты үй жылуға қосылған. Маусым басталғалы бері жылу желілерінде 30-дан астам ақау анықталған.      

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы