Павлодарда ағаштарды кесуге 150 млн теңге бөлінді

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында ағаштарды санитарлық кесу шаралары басталды. Биыл бұл жұмыстарға 150 млн теңге бөлінді.

Облыс орталығында санитарлық кесу шаралары бұрынғыдан ерте басталды. Экологтардың пікірінше, ерте кесудің тиімділігі мол. Қазіргі уақытта терек пен қара ағаштардың бұтақтарын кесіп тастап жатыр.

Эколог Татьяна Понамореваның айтуынша, ерте санитарлық кесу Павлодардағы жасыл желек қорын сақтап, көбейтуге жақсы мүмкіндік береді. 

Соңғы жылдары бұл шара тұралап қалған. Оның орнына «топинг» енгізілді. Соның салдарынан ағаштарымыз эстетикалық келбетінен айырылды. Санитарлық кесу - жауапты кезең. Ең бастысы, жасыл желекті сақтап қалу. Жергілікті билік экологтардың сөзіне құлақ асты. Бұл - қуанышты жағдай. Дегенмен, көгалдандыру мәселесі өткір тұр. Мәселені бірдіндеп шешу, - дейді эколог.

Айта кетейік, бұл Павлодардың жасыл желек аумағын көбейтудегі алғашқы шара емес. Бұған дейін қала келбетін түрлендіре түсетін өсімдіктердің интерактивті картасы жасалды. Мамандар қауымы зерттеу жүргізіп, ағаштардың барлығын түгендеді. Нәтижесінде қордың тең жақсы күйде екені анықталды. Дегенмен, қалғанын сақтап қалуға барынша көңіл бөлген жөн. 

Биыл ағаш кесу жұмыстарына бөлінетін қаражат үш есе ұлғайды. Коммуналдық қызмет мамандары Павлодар қаласын үш аумаққа бөліп, тиісті шараларды қолға алды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы