Павлодарда 7 жасар бала тереңдігі 3 метр шұңқырға құлап кетті

Жарақат алған ұл бала Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 мамырда Павлодар облысы Шарбақты ауданы ауылдарының бірінде 2015 жылы туған кәмелетке толмаған бала тереңдігі шамамен 3 метр су құбыры траншеясына құлады. Жарақат алған ұл бала Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды. Осы факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің бастығына қатысты ҚР ҚК 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы - келу туралы міндеттеме қолданылды, - делінген ІІМ таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы