Павлодарда 68 көпқабатты үйдің тұрғыны ыстық сусыз отыр

Облыс орталығындағы 68 көпқабатты үйдің тұрғыны ыстық сусыз отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Жылу маусымы аяқталғаннан соң бір ай ішінде желілердегі ақаулар жойылып, көпқабатты үйлерге ыстық су берілуі тиіс. Бұл тәжірибе өткен жылы енгізілген.

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арслан Қалиақпаровтың айтуынша, қазіргі уақытта облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің 95%-на ыстық су берілген.

1277 көпқабатты үйдің 1209 ыстық сумен қамтылып отыр. Нақтырақ айтсақ, 54 үйде күрделі жөндеу жүргізіліп жатқандықтан, тамыз айына соңына дейін ыстық су болмайды. Тағы 14 үйде ішкі реконстукция жұмыстары жүріп жатқанықтан, жаз соңына дейін ыстық тіршілік нәрі болмайды, - дейді Арслан Қалиақпаров.

Өткен жала шаһардағы кварталішілік жылу желілерінде 163 ақау анықталса, биылғы көрсеткіш 287-ге жетті.

Коммуналдық желілердің тозуы жақсармай жатыр. Апаттарды алдын алу мақсатында жыл сайын гидравликалық, және екі жылда бір рет  температуралық сынақтар өткізіледі. Биылғы науқан барысында температуралық сынақтар магистральді құбырларда жүргізілді.  Сондықтан, олқылықтар көптеп анықталды. Бүгінгі күнге дейін барлық ақаулар жойылды, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, биылғы жөндеу науқанына магистралды және кварталішілік жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізуге 624 млн. теңге бөлінген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ архив
Өзгелердің жаңалығы