Павлодарда 6 гектар саяжай өртенді

Бүгін сағат 15:19 шамасында Павлодар қаласының 101 пультіне хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар қаласында «Яблонка» бақшасында өрт шыққаны хабарланды, деп жазады BAQ.KZ.

Өртті сөндіру үшін Павлодар облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің 33 қызметкерлер мен 7 техника жіберілді.

Оқиға орнына келгенде саяжайлар және құрғақ шөптер өртеніп жатқаны анықталды. Көлемі шамамен 6 гектарды құрады. Өрт сағат 16:50 оқшауланды, - делінген қалалық ТЖД таратқан мәліметте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы