Павлодарлық оқушылардың демалысына 289 млн теңге бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1-10 сынып оқушыларының барлығын жазғы демалыс іс-шараларымен қамтуды іске асыруға 289 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы Қалалық білім бөлімі хабарлады.
Қалалық білім беру бөлімінің хабарлауынша, 2019 жылы барлық демалыс нысандарымен, сауықтырылу және жұмыспен 40023 оқушыны немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 100%-ын қамту жоспарлануда."Жоғарыда аталған соманың ішінде жергілікті бюджеттен - 63 млн теңге, мектеп жанындағы лагерьлерге - 16,926 миллион теңге, еңбек отрядтарына – 11,740 миллион теңге, қала сыртындағы лагерьлерге жолдама алуға – 34,373 миллион теңге қарастырылған. Қала сыртындағы лагерьлерге, шипажайларға, кәсіподақ, демеушілік және ата-ана қаражаты есебінен алыс және жақын шетелдерге демалуға жолдамалар сатып алуға – 226,3 миллион теңге", - делінген хабарламада.
«Жаз - 2019» жазғы науқаны барысында 42 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша күндізгі және үш рет тамақтанатын мектеп жанындағы лагерьлер ашылды. Ұзақтығы 15 күнмен екі маусымда жұмыс істейді. Жолдаманың құны 7440 теңге. Бір балаға күніне 496 теңгеден шығады. 1-4 сынып оқушыларының алдын ала қамтылуы 15098 (74%). Оның ішінде 5166 бала - әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан, жетім балалардың саны - 324 (2018 жылы - 14584 (74%).
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы