Павлодарда 34 жастағы әйел терезеден құлап, ағашқа ілініп қалған
Павлодарда 34 жастағы әйел терезеден құлап, ағашқа ілініп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
ТЖМ құтқарушылары пәтерден құлаған әйелге көмекке келді.
Павлодар облысының Ақсу қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жанында құтқарушылар күшімен үшінші қабаттағы пәтерден құлаған 1990 жылы туған әйел ағаштан түсірілді.
Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен көтеріліп, құтқарылған әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалу қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жайықтағы су деңгейі қандай
Өзгелердің жаңалығы