Павлодарда 330 млн теңгеге компьютерлік томограф орнатылады
Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың бірінші тоқсанында Павлодар облысының Ақсу қалалық ауруханасында мемлекеттік жеке меншік-серіктестік аясында 330 млн теңгеге компьютерлік томограф орнатылады. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайты жазды.
Медициналық мекеменің бас дәрігері Мақсат Мұқашевтың айтуынша, «2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасында өткір инсультті басқару итегралды моделін енгізу жол картасын» іске асыру үшін кәсіпорын компьютерлік томографпен қамтамасыз етіледі. 175 орындық стационарлық көп салалы ауруханада жеті клиникалық, алты орындық жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесі ашылған.
«Ақсу қаласы мен ауылдық аймағынан жыл сайын 53 000 науқас жүгінеді. Тыныс жолдары ауруына шалдыққан 1 900 адам, ас қорыту жолдарының ауруы бар 850 адам, зәр жолдары ауруларымен 725 адам, мидағы қан айналымының бұзылуымен 185 адам, бас миы және сүйек-бұлшықет жүйесімен 4 918 адам, бас сүйек-ми зақымымен 673 адам, жүйке жүйе ауруымен 281 адам компьютерлік томографтан өтуді қажет етеді. Аталмыш құрылғыны орнату инсульт, бас сүйек-ми зақымы және басқа да аурулардың алдын алу үшін қажет», - дейді бас дәрігер.
Бүгінгі таңда тұрғындардың 28.8%-ын 50 жастан асқандар құрайды. Бұл жағдай онкопатология ауруы мен өлім көрсеткішіне теріс әсер етеді. 15-49 жас аралығындағы тұрғындардың үлесі - 49%, 0-14 аралығындағы балалар - 22.2%.
2017 жылы стационарда 7365 адам емделген. Науқастардың 30%-ына компьютерлік томографиадан өтуге кеңес берілген. Компьютерлік-томографиялық диагностикаға 3800-3500 зерттеуден келеді.
Айта кетерлігі, аурулардың ішінде тыныс алу жолдары көш бастайды. Оның ішінде 50%-ын пневмония құрайды. Екінші орында қай айналымы жүйесі, бас ми инфаркті тұрса, ас қорыту аурулары үшінді орынды алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордадағы пирамиданың қалай өзгеретіні белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы