Павлодарда 31 жастағы ер адам жоғалып кетті

Павлодарда анасымен шыққан жігіт жоғалып кетті, 31 жастағы ер адамға қауіп төнуі мүмкін, өйткені ол адамдарға жақындап, су немесе тамақ сұрай алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жанат Инцыбаев 12 шілде күні сағат 20:30-да Мүткенов көшесі, 50 мекенжайында орналасқан үйден шығып, жылдам ауладан шығып кеткен. Анасы оның артынан жүгіріп шығып, Шарбақты тасжолына дейін барған. Көпірден өтіп, Жетекші кентіне жақындағанда Жанат көзден таса болған, – деп хабарлады еріктілер.

Сондай-ақ жігіт Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансердің тізімінде тұр. Ол қара трико, көк іш көйлек, қара аяқ киім киген.

Еріктілер кеше таңғы 6-дан бастап іздеу шараларын жүргізген. Егер де Жанат Инцыбаевтың қайда жүргені туралы білетіндер болса, төменде көрсетілген телефондар арқылы хабарласа алады: 8 747 615 55 63 (Катерина) 8 777 334 82 01 (Светлана).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы