Павлодарда 22 тонна шөп жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аққулы ауданының Ямышево ауылында өрт болды, деп хабарланды Рavlodarnews.kz сайтында.
Екі үйдің ауласындағы жиырма екі тонна шөп пен ағаш қораның ішіндегі 20 тауық өртеніп кетті. Сақиянов көшесіндегі өрт туралы хабарлама «101» қызметіне түнгі сағат бір жарымда келіп түсті. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №18 өрт сөндіру бекетінің екі техникасы мен төрт қызметкері жұмылдырылды, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, өртті сөндіруге Черное ауылының өрт сөндіру бекеті, бөшкемен жабдықталған үш тракторы бар ерікті өрт сөндіру құралымының сегіз мүшесі қатысты.
Өрт сөндірушілердің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде өрт сағат 03:10-да ауыздықталып, таңғы сағат алтыда толығымен сөндірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада 200-ден астам оқушы сыйлық алды
Өзгелердің жаңалығы