Павлодарда 15 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы облыс орталығындағы 108 жаңа пәтер мемлекеттік қор есебінен үлестірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Баспаналы болғандардың қатарында мүгедектігі бар 11 адам, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған 7 отбасы, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жастар бар. Бірақ олар бұл пәтерлерді сатып ала алмайды. Яғни, жалдамалы баспана сатып алу құқығынсыз берілді.Павлодар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуына қарағанда, 11 топ өкілдері пәтер кезегіне тұру арқылы мемлекеттік қордан үй алуға құқылы.
Пайдалануға берілген жаңа баспаналардың кемінде 20%-ы міндетті түрде жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға үлестірілуі тиіс. Айталық, көпқабатты баспанада 108 пәтер болса, оның 27-cі дәл осы топ өкілдеріне берілуі керек. Ал қалғаны әлеуметтік тұрғыдан осал болып саналатын өзге топ өкілдеріне тапсырылады, - дейді Альмира Дисюпова.Павлодар қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде облыс орталығында 15 218 адам үй кезегінде тұр. Атап айтқанда, 2454 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жас, 648 көп балалы отбасы, 6467 осал топ өкілдері, 5623 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала қызметкерлері кезекте бар. Олар үшін Достық шағын ауданында 72 пәтерлі көпқабатты баспана салынуда. Бірақ бұл кезекте тұрғандардың бір пайызына да жетпейді.
Ал осыдан бір ай бұрын халық алдында есеп берген аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов кезек күткендерді баспанамен қамтуда ауқымды істер атқарылып жатқанын айтқан.
Біз пәтер алудан үміттілердің санын қысқарту бойынша жүйелі әрі стратегиялық тұрғыдан жұмыс істеу міндетін қойдық. Нәтижесінде былтыр кезекте тұрған 1096 адам пәтер алды. Бұл соңғы 15 жыл ішіндегі орташа көрсеткіштен 3,5 есеге артық әрі 2019 жылмен салыстырғанда 5 есеге жоғары, - деген Әбілқайыр Сқақов.Алайда тұрғындар кезектің өте баяу жылжып, 10 жыл бойы пәтер кілтін күтуге тура келетінін жиі айтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлеуметтік әмиян іске қосылуы мүмкін
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы