Павлодарда 130 жас маман қалалық білім беру ұйымдарына жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда ЖОО мен колледж түлектерін жұмысқа алдын ала орналастыру шарасы өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі мәлімдеуінше, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің, музыкалық колледждің түлектері жұмысқа алдын ала орналастыру шарасы арқылы жолдамаға ие болған.
«Алдын ала орналастыру бойынша Павлодар қаласының білім беру ұйымдарына Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледждің, музыкалық колледждің 130 түлегі орналастырылды. Олардың ішінде 71 түлек жоғары оқу орындарының түлектері», - деді білім беру бөлімінде.
Шаһарға мектепке дейінгі білім беру мамандары мен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдерінің қажеттілігіне байланысты, педагогикалық колледждің аталған мамандықтағы түлектерінің 45 пайызы облыс орталығында жұмыс істеуге қалады.
Оған қоса, қалалық музыкалық мектептің педагогтар қатары 11 арнайы музыка мамандарымен толықтырылады.
Айта кетейік, жыл сайын қалалық білім беру ұйымдарына 150-ге жуық жас маман жұмысқа орналасады.