Павлодарда 1 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті

Павлодар қаласында үшінші қабаттан құлап кеткен 2024 жылы туған сәби облыстық балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 24 шілде күні болған. Алғашқы медициналық көмекті баланың анасы шақырған.

Бала үйде анасының қасында болған. Құлау кезінде анасы басқа бөлмеде жүрген. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, есі кіресілі-шығасылы күйде, – деп нақтылады аурухана өкілдері.

Дәрігерлердің алдын ала диагнозы бойынша, баланың миы шайқалған және ішкі органдарында көгерулер бар.

Аталған дерек бойынша тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы