Павлодар облысының бірнеше ауданында билер кеңесі құрылды

Павлодар, baq.kz. Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз қалаларында, Ақтоғай және Баянауыл аудандарында Билер кеңестері құрылды. Бұл туралы Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Билер кеңестерін құру мақсатында соттар мен Ардагерлер кеңестері бірқатар меморандумды жасасты.

Билер кеңестерінің құрамына сот жүйесінің, жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өмірлік ұстанымы, мол жұмыс тәжірибесі, қоғам ішінде жоғары беделі бар ардагерлері тартылды.

Меморандумдар Билер кеңестерінің аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен тарату және дауларды сотқа дейін реттеудің артықшылықтарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған

Жұртшылықпен кездесу барысында судьялар сот жүйесі жаңарып, татуластыру рәсімдері дамып жатқандығын айтты. Спикерлер Билер кеңестерінің институты дауларды бейбіт жолмен шешу үшін,  қоғамдағы жанжалдықтың деңгейін төмендеду және соттардың жүктемесін азайту үшін қажет екендігін ерекше атап өтті. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы