4-қабаттан құлаған павлодарлық тұрғын аман қалды
Астана, baq.kz. Оқыс оқиға 10-қаңтар күні сағат 17:50-де Құрысшылар көшесінде болған. Бұл туралы pavlodarnews.kz порталы хабарлайды.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 43-жастағы ер азамат мас күйінде балкон арқылы үйге кірмекші болған. Ол Ақсу қалалық орталық ауруханасына жеткізілген.
Травматология бөлімінің меңгерушісі Айдын Кентпаев қазіргі таңда 4-қабаттан құлаған азаматтың денсаулығы ауыр халде екенін жеткізді.
«Ол бас сүйек-ми зақымын алған, әрі екі аяғы сынған. Ер азамат болған оқиғадан есеңгіреп қалған. Кеше оған операция жасалды. Қазіргі таңда ол жансақтау бөлімінде жатыр», - деді дәрігер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Польшада Huawei бөлімшесінің директоры ұсталды
Өзгелердің жаңалығы