Павлодарда Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар отбасыға үй беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлықтар Раскова көшесі, 2/1 мекенжайы бойынша екі кіреберісі бар тоғызқабатты үйге қоныстанады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық құрылыс басқармасынан хабарлағандай, тозығы жеткен Алюминистрой үйінің орнында бой көтерген жаңа Сарыарқа шағын ауданындағы №30 үй жақында пайдалануға беріледі. Тоғызқабатты ғимараттың құрылысы өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Құрылысты "UMEngineering" ЖШС мердігер ұйымы, авторлық қадағалауды "Гидроэнергосервис" ЖШС, техникалық қадағалауды "EG Compani-ПВ" ЖШС жүргізді.
Үйде барлығы 72 пәтер бар. Оның 36-сы бір бөлмелі, 18-і екі және 18-і үш бөлмелі. Жаңа ғимараттағы пәтерлердің жалпы ауданы 42 мың шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта үйде құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап жатыр. Нысанды пайдалануға беру үшін құжаттар дайындалуда. Тәуелсіздік күні қарсаңында, 14 желтоқсанда тұрғындарға пәтер кілттері беріледі, - делінген құрылыс басқармасының хабарламасында.
Еске салайық, Сарыарқа ескірген Алюминстрой шағын ауданының орнында салынуда. Онда өткен ғасырдың 50-жылдары салынған 159 екі қабатты үй болған. Биыл облыста барлығы 178 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары.
Он көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. 272 отбасы пәтер кілттерін алды және жыл соңына дейін тағы 1399 отбасы алады.
Сонымен қатар Павлодар әуежайының маңында 55 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Ақсу қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен көп балалы отбасылар үшін 28 қоспәтерлі тұрғын үй салынуда. Жыл соңына дейін 100 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғындарына қарағанда туристері көп қалалар анықталды
Өзгелердің жаңалығы