"Павлодар-Қызылорда" тас жолында әйел мен бала қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 27 қаңтарында таңғы сағат 09:00 шамасында "Toyota Land Cruiser 200" маркалы автокөлігінің жүргізушісі шығыс бағытта келе жатып, "Павлодар-Қызылорда" автожолының 88 шақырымында рөлге ие болмай, аударылып түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға салдарынан екі жолаушы (1975 жылғы жолаушы мен 2011 жылғы бала) алған жарақаттан бірден көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы болған жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде барлық мән-жай мен себептер анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы