Павлодар – Семей автожолындағы жол апатынан 4 бала зардап шекті

Павлодар – Семей автожолында көлік аударылып, салдарынан 5 адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар – Семей тас жолындағы Жертұмсық және Қаратоғай ауылдарының ортасында жол апаты болды. Жол апаты салдарынан 35 жастағы ер адам және 4 пен 7 жас аралығындағы 4 бала зардап шекті.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жарақат алған балалар ауруханада ем алып жатыр.

Жол апаты жайлы хабар 17:45-те түсті. Оқиға орнына қызметкерлеріміз 9 минутта жетті. Ер адам ауруханаға жатудан бас тартты. Жарақат алған төрт бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады жедел жәрдем станциясы.

Апат болған жерде үш жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: zakon.kz
Өзгелердің жаңалығы