Павлодар орман шаруашылығында өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тілсіз жаудың неден шыққаны және келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда сағат 12.32-де «Металлург» бағбаншылық ауданында өрт туралы хабарлама түскен.

Павлодар орманшылығында 16-шы орамда орман жабылған аумақта жалпы ауданы 7,45 га құрғақ шөп, ағаш бұталары, қарағай, терек, үйеңкі, қарағаш өртенген. 

Сондай-ақ орманмен жабылмаған аумақта 6,4 га алаңда құрғақ шөп жанды. Жалпы ауданы 13,85 га құрады. Өрт сағат 15.50-де ауыздықталды, - дейді департаментте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы